ДЕПУТАТ САЙЛАУШЫЛАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Қызылордада «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының ұйымдастырумен аудандық мәслихат депуттаты, партия фракциясының мүшесі сайлаушыларымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасына сәйкес атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді. Бұл туралы http://nurotan.kz/ жазды.
Кездесу барысында депутат аудан орталығындағы №62 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 135 миллион теңге бөлінгенін атап өтті. Сондай-ақ, № 260 орта мектебіне аудандық бюджеттен қаржы бөлуіне ықпал етіп, дизельді жылу қазандықтары орнатылуына және №14 мектептің шатырын жөндеу жөнінде ұсыныс беріп, қазіргі кезде шатырын толық ауыстыруға да ықпал жасағанын айтты.
Кездесу барысында ардагер ұстаз Айберген Мыңғышпанов келешек жастар мектеп оқушыларының жаңа бағдарламаға көшуіне алаңдаушылық білдіріп, осы №62 мектеп-гимназиясына қосымша ақы төленетін жоғарғы білімді мамандар шақыру жөнінде халық қалаулысына ұсыныс білдірді.
Өзкезегінде депутат бұл мәселенің қаржы жағы шешілгендігін, енді мамандар іздестіріліп жатқандығын айтты.
М.Мақатаев және Жетес би көшелерінің тұрғындары халық қалаулысына сайлау алды берген уәдесіне сай асфальт жол төселуіне тікелей себепші болғандығына рахметтерін айтып, өз ризашылықтарын білдірді.
Кездесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс, ой-пікірлерге тұшымды жауап беріліп, сайлаушылар тарапы депутатқа ел игілігі жолындағы алдағы уақыттарда атқаратын жұмыстарына табыстар тіледі.