ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ
Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде сыйымдылығы 200 адамға арналған жаңа мешіт ашылды. Бұл туралы облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мешіттің ашылуына ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі орталық Ақмешіт-Сырдария мешітінің бас имамы Талғат Омаров және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Нұрхан Жәлиев қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады. Айта кету керек, осы кезеңге дейін ауылда мешіт болмаған. Ауыл тұрғындары мешіт салып беруші Рахматуллаевтар әулетіне ризашылығын білдірді. Аумағы 300 шаршы метрді алатын мешіттің жағдайы жасалған. Дәрет алатын орындар ыстық сумен қамтамасыз етіліп, едені жылумен жүйеленген. Жанында мешіттің имамына арналған 2 бөлмелі үйі де бар.