БҰҰ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ
Бүгін Қызылордада Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару тиімді тетіктері және есеп беру кепілдігі мен ашықтығы» тақырыбында семинар-тренинг басталды.
Екі күнге созылатын шараның алғашқы күнінде Қызылорда облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басшысы Мұхимов Абзал сөз сөйлеп, семинар-тренингті ашып берді.
Департамент басшысы өз сөзінде қоғамдық кеңестер мен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері халыққа қызмет көрсету кезінде мемлекет пен азаматтық қоғам арасында байланыс орнату, жеке тұлғалар және коммерциялық емес ұйымдармен әріптестік орнату мемлекеттік органдардың сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуін дамытуға үлкен серпін беретінін атап өтті. «Бұл жұмыстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді», - деді ол.
Айта кетейік, семинар-тренинг барысында Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» заңдарының негізгі бағыттары түсіндіріледі.