БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ КӨКТАЙҒАҚ, ТҰМАН БОЛАДЫ
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз. Кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады. Сондай-ақ көктайғақ болады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте қар жаумайды. Дегенмен, мұнда тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК ақпараттарына сүйенетін болсақ, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының ей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады. Солтүстік Қазақстан облысында сонымен қатар 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады. Қостанай облысының кей жерлеріне тұман тұман түсіп, көктайғақ болады. Қарағанды облысының да кей жерлерінде тұман, көктайғақ. Желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматы, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, таң ата және күндіз 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау облысында тұман түседі, түнде желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді. Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарына тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ болып, желдің күші 15-20 метр/секунд болады.