80 АУЫЛҒА «ТОБЖ» САЛЫНАДЫ
Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясы 2016 жылдың 10 айлық жұмысын қорытындылап, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. «Сыр медиа» ЖШС жанындағы коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихаты телекоммуникация қызметінің жүзеге асырып жатқан жобалары, тұрғындардың сапалы байланысқа сұраныстарын қанағаттандыру мақсатындағы атқарылып жатқан телекоммуникацияның қызметіне арналды.
Аймақта тіркелген желілердің құрастырылған сыйымдылығы 154 642 мың нөмір, деректі беру желісінің құрастырылған сыйымдылығы 59 574 мың портты құрайды. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына интернет желісіне кең жолақты қатынау қызметінің деңгейі 100 тіркелген желіге 49% құрады, 100 үй шаруашылығына телефондардың тығыздығы - 59%. Қазіргі уақытта оптикалық желі жолдарымен салынған және қосылу жылдамдығы 100 Мбит/с қамтамасыз ететін GPON технологиясын дамытуға баса назар аударылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама бойынша ҚР білім беруді дамытуға 2011-2020 жылдары облыс бойынша 108 мектеп электронды оқыту жүйесіне қосылған. Барлығы 289 мектеп, 172 емдеу және алдын алу мекемелері телефонмен қамтылған.
«Тұрғындар саны 250-ден асатын ауылдық елді-мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы аясында облыстағы 80 елді-мекендерде ТОБЖ салынуы жоспарлануда, - деді облыстық телекоммуникация дирекциясы бас директорының міндетін атқарушы Бақытбек Қалықов.
Фариза ОМАРОВА