ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ БОЙЫНША КӨШ БАСТАП ТҰР
Қызылорда облысында соңғы 15 жылда жалпы аймақтық өнімнің көлемі 264 пайызға ұлғайды. Бұл туралы облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Өңіріміз ауылшаруашылықты аймақтан индустриалды-аграрлы аймаққа айналды. «Оңтүстік Құмкөл», «Ақшабұлақ», «Арыс», «Блинов» «Қоныс» және тағы да басқа 30-ға тарта жаңа мұнай кен орындарын игеру жұмыстары басталды. Тәуелсіздік жылдары ішінде аймақтағы мұнай өндіруші компаниялар 200 млн. Тоннаға жуық мұнай өндірді. Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 6 есеге дейін өсті, ал аймақтағы жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3 есеге ұлғайды. Нәтижесінде облыста өнеркәсіп өндірісінің жалпы аймақтық өнім көлеміндегі үлесі 1991 жылғы 11% көрсеткіштен бүгінгі күнге дейін 35%-ға өсті,- деді Ринат Сұлтангереев.
Уран өнеркәсібі де қарқынды дамуда. «Хорасан-1», «Хорасан-2» және «Оңтүстік Қарамұрын» кен орындарын игеру басталды. «Қарамұрын» кен орнында алтынды өнеркәсіптік өндіру, ал әлемдегі ірі кен орындарының бірі «Баласауысқандықта» ванадий өндіру жұмыстары басталды.
Бүгінде Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны бойынша республикада көш бастап тұр. Әртараптандыру шараларының арқасында аймақ экономикасының жаңа құрылымы қалыптасып келеді. Сыр елінде соңғы 20 жылда шикізаттық емес сектордағы өндірістің көлемі 5 есеге өсті.