ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз орталығында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың қатысуымен БҰҰ ДБ және Samsung компаниясымен бірлесе отырып, Қызылорда облысына қарасты ауылдық жерлердегі әлеуметтік нысандарға жылыжай берілу бойынша брифинг өтті.
- БҰҰ ДБ Samsung компаниясымен бірлесе отырып, Қызылорда облысына қарасты ауылдық жерлердегі әлеуметтік нысандарға жылыжай шаруашылығындағы алдыңғы технологияларды ендіруге бағытталған бірлескен жобасы басталды. Аталмыш жоба өткен жылы жүзеге асырылған «ауызсуды қорғаймыз» бірлескен жобасының жалғасы болып табылады, - деді Серік Қожаниязов. - Өткен жылы бұл жоба аясында 150 тұрғын үй шаруашылығы мен 19 әлеуметтік нысан өз учаскелерінде тамшылап суару технологияларын сәтті пайдаланды.
- Мәселе, жылыжайдың пайдалы өнімдерді алу және қосымша табыс табу мүмкіндіктері арқылы азаматтардың игілігін жақсартудың керемет әдісі екендігінде ғана емес, оған қоса жылыжайдың оқу орындары мен балабақшалардағы білім беруге әсерінде болып отыр. Бала кішкене өсімдікті еккенде ұсақ моторикаларының жетілуі әсерінен ми қызметін ынталандырады, - деді Қазақстандағы БҰҰ ДБ жобалар бойынша үйлестірушісі Малика Қоянбаева.
- Біздің жобадан күтетін нәтижелеріміздің негізгі көрсеткіші энерготиімді және су үнемдеу технологияларын қолдану бағытындағы халыққа деген пайдасы, - деді Samsung компаниясының бизнес-менеджері Сунг-Мин Чо.
- Мәселен, №268 мектеп ауласында бос жатқан жер көп, су аз. Сондықтан Samsung компаниясы қолдауымен «Тамшылатын суару» технологиясын енгізу арқылы мектеп ауласында қызанақ, қияр, асқабақ, аскөк сынды көкөністерді өсіріп отырмыз. Осының нәтижесінде мектептен тамақтанатын оқушыларға 100 пайыз таза өнім беріледі, - деді №268 орта мектептің директоры Күміскүл Серекеева.
Шиелі ауданындағы «Балдырған» балабақшасында да жылыжай салынып, балабақшаға керекті көкөністерді өздері баптап өндіруде. Айта кету керек, әлеуметтік нысандар аумағында 5 энерготиімді жылыжай құрылғысы құрастырылатын бұл жоба – балаларды, оған қоса оңалтудан өтіп жатқан мүгедек жандарды дәруменді тамақтармен қамтамасыз етуге және оқушылардың жаратылыстану ғылымдары бойынша мықты тәжірибелік білім негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік бермек.
Шынар БЕКБАН