«ДАМУ» ҚОРЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
«Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткен «Ашық есіктер күні» акциясы барысында 2 сағат ішінде 97 адам кеңес алып үлгерді. Оның ішіндегі 50 кеңес алушы өз бизнестерін дамытуды жоспарлаған әрекет етуші кәсіпкерлер болып табылады. КҚКО кеңесшілерімен бірге «Даму» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиал директоры Жансұлтан Матаев және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалы басшысының орынбасары Ақмарал Сыздықова бизнесті қолдайтын мемлекеттік жобалар туралы барлық келушілерге жан-жақты түсіндіріп, кеңес берді.
Акцияға қатысқандар қатарында, сондай-ақ «БанкЦентрКредит» АҚ, «ForteBank» АҚ, «ЦеснаБанк» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «ҚазАгроФинанс» АҚ, «АграрлықНесиеКорпорациясы» АҚ, «ҚазақстанныңТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкі» АҚ, Микроқаржылық кәсіпорын «ӨИО Қызылорда» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдай Қоры» АҚ болды.
Ашық есік күніне орай келушілердің аса қызығушылығын тудырған сұрақ кепілдендіру бағдарламасы болды. Егер де осыдан бұрын «Даму» тарапынан тек «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясындағы басым секторларға кепілдендіру берілетін болса, осы жылдан бастап Қор БЖК 2020 қамтымайтын салаларды да қолдауда. Сонымен қатар, отандық және шетелдік франшизалар сатып алуға мүмкіндік беретін франчайзингтік жобалар да үлкен назарда болды. 2016 жылдан бастап, «Даму» Қорының тиімді шарттармен кепілдендіруі тағы бір жаңа бағдарлама «Даму-оптима» бойынша да жүзеге асырылуда. Ендігі жерде әрекет етуші бизнесмен несие алуы барысында кепілмүлкі жетіспесе, Қордың несие сомасының 70% дейін кепілдендіру құралына жүгінуіне болады. Кепілдендіру мерзімі - 60 айға және несие сомасы 180 млн.теңгеге дейін қарастырылған. Банктердің бірлесуі мен «Даму» Қорының электронды үкіметпен жұмыс жасауы арқасында өтінішті қарауға максималды аз уақыт - бес жұмыс күні ішінде шешім шығару мүмкін болып отыр.
Сонымен қатар, банктер мен бизнесмендер және Қордың өзара қарым-қатынасын жеңілдету мақсатында келер жылдың ортасы, не соңына таман «Даму» «Қаржылық супермаркет» жобасын іске қосуды жоспарлауда, аталған жобаның мақсаты клиент «Даму» Қорына келгенде оның жобасы жүзеге асқан уақытқа дейінгі сүйемелдеу қызметін көрсететін бір жауапты қызметкер белгіленіп, жұмыс жасайтын болады.
Бизнесмендерге кеңес беру Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері Қызылорда қаласының КҚКО 6802 қызмет көрсетілген. Сондай-ақ, заң және бухгалтерия, ХҚКО қызметі бойынша кеңес алу ең сұраныс көп «қаржылай емес қызмет» түрлеріне жатады. Және де «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысу туралы КҚКО келуші потенциалды кәсіпкерлердің арасындағы кеңінен тараған сұрақтар қатарында.