НАЗАРБАЕВ 2016 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІ АРНАЙЫ СЫЙЛЫҒЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Гои» бейбітшілік қоры атынан «ядролық қарусыздану және таратпау ісіне қосқан зор үлесі үшін» 2016 жылғы әлем мәдениеті арнайы сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Токиодан.
Арнаулы сыйлықты бүгін салтанатты жағдайда Гои бейбітшілік қорының төрайымы Масами Сайонджи мен қор президенті Хироо Сайонджи табыс етті. null «Гои» бейбітшілік қоры - бейбітшілік бастамаларды ілгерілету саласындағы өзінің кең ауқымды халықаралық қызметімен танымал Жапониядағы ең ірі үкіметтік емес қорлардың бірі. 2000 жылдан бастап «Гои» қоры жыл сайын адамзат пен Жердегі барлық тіршілік иелері үшін қауіпсіздік пен үйлесімділікке қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосқан жекелеген тұлғалар мен ұйымдарды «Гои бейбітшілік сыйлығымен» марапаттап келеді. Мәселен, 2008 жылы бұл сыйлықты «Майкрасофт» корпорациясының негізін қалаған Б.Гейтс алған еді. Мұнан бөлек Гои қорының «Әлем мәдениеті арнайы сыйлығы» деп аталатын тағы бір сыйлығы бар. Бұл сыйлық бүкіл дүниежүзіне әлем мәдениетін таратып, ілгерілету ісіне айтарлықтай үлес қосқан жеке тұлғалар мен ұйымдарға беріледі. «Әлем мәдениеті арнайы сыйлығын» алғандар қатарында БҰҰ Жапон қоғамдастығының президенті С.Сэн, Нобель сыйлығының лаураеты М.Горбачев, есімі әлемге т анымал дирижер Х.А.Абреу бар. Сыйлық медаль мен құрмет қағазы түрінде болады. Медальдің бір бетіне лауреаттың аты-жөні, сыйлықтың берілген жылы және қор атауы, ал екінші бетіне қор ұраны, сыйлықтың атауы жазылып, жұлдызға ұмтылған адам бейнесі таңбаланады. Ал құрмет қағазында жапон тілінде лауреаттың сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, сыйлықтың берілгендігі қуатталады.