ДЕПАРТАМЕНТКЕ ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ
9 қарашада Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев актив отырысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Әшірбаев Әділхан Қасымханұлын таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ә.Әшірбаев 1978 жылы туған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «экономикалық кибернетика» және «Мирас» университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің маманы ретінде бастаған.
2002-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде жауапты қыметтер атқарған.
2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.
Құрылымдық өзгерістен кейін 2016 жылдың қаңтар айынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.