АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ
Кеше Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған «25 пайдалы іс» атты республикалық акциясы аясында аймақ жастарының ҚР Тәуелсіздігіне үлес қосқан әйел-аналармен кездесуі өтті.
Шара барысында іскерлігімен үлгі болып еліміздің, аймақтың дамуына өзіндік үлес қосып жүрген әйелдер жөнінде бейнетүсірілім көрсетілді. Сонымен бірге, «Ел тәуелсіздігін нығайтудағы әйел-аналардың ролі», «Тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу», «Сыр өңірі ақын қыздарының шығармашылығындағы тәуелсіздік келбеті» тақырыптарында баяндамалар оқылып, қатысушылар өзара пікір алмасты.
Тәрбиелік-тағылымдық мәні зор кездесу барысында аймақтың демографиялық дамуына үлес қосып жүрген алтын құрсақ аналарға «Алтын алқа» медалі табысталды. Шара облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы негізінде облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен өткізілді.