БЕЙСЕНБІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейіп, елдің батыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды BNews.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ақмола облысында 15-20 м/с дейін жел күшейеді. Қостанай облысында түнде жекелеген жерлерде, күндіз аймақтың басым бөлігінде 15-20 м/с дейінгі жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, күндіз Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жел жылдамдығы 15-22 м/с дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік батыс және орталық аймақтарында өртке қауіпті жағдай сақталады», - деп хабарлайды синоптиктер.