ДЕЛЬФИЙЛІК ОЙЫНДАРДАН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР 7 МЕДАЛЬ АЛДЫ
Ақмола облысының Степногор қаласында республикалық XII Ұлттық Дельфийлік ойындар өтті. Биыл ұйымдастырылған ойында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды. Қызылорда қаласынан жолдама алған 27 шығармашыл жастар қоржынға 7 медаль салып, Қызылорда облысының жалпы командалық қорытынды бойынша үздік бестікке кірді. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Жандос Түсмағанбетов хабарлады.
Байқауға қатысқан жастарымыз халықтық би, ым-ишарат тілінде ән орындау, эстрадалық ән салу, академиялық ән орындау, дәстүрлі ән орындау, прима қобыз, домбыра, баян номинациялары бойынша өнер көрсетті. «Баян» номинациясы бойынша қоржынға алтын медальді Жансая Пірназарова сыйлады. Онан соң «ым-ишарат тілінде ән салу» номинациясымен Сағи Мұхамбет, «Эстрадалық ән салу» номинациясы бойынша ең жас қатысушы Қарақат Базарбай жеңіп шықты. Ал «Прима қобыз» номинациясымен Нұрсамал Қазақбай күміс жүлдеге ие болды. Мұхамеддин Көшербай мен Жансұлтан Жұмабек «домбыра» номинациясы бойынша қола жүлдені қанағат тұтты. Сонымен қатар, Дәулетхан Ізбасқан «Дәстүрлі ән салу» номинациясы бойынша, ал «Сыр гүлі» би тобы «Халықтық би» номинациясымен дипломант атанды.
Енді аталмыш сайыстың жеңімпаздары жылдың аяғында Санкт-Петерборда өтетін Әлемдік Дельфилік ойындарында бағын сынайтын болады.
Шынар БЕКБАН