ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ АРҚЫЛЫ САЛЫНҒАН ҮЙЛЕР ЖОҚ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заң талаптары бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Онда «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі №486-V Заң талаптары талқыланды.
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Майра Барақбаеваның айтуынша жыл басынан бері облыс бойынша 267,7 мың шаршы метр құрайтын 80 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілген. Алайда олардың ішінде үлестік қатысу арқылы салынған үйлер жоқ.
Аталған заңға сәйкес үлестік қатысу арқылы тұрғын үйлер салудың жаңа механизмдері қарастырылған. Жалпы алғанда заң жобасы үлескерлердің, құрылыс салушылар мен өкілетті компанияның заңды мүдделерін жүзеге асырып, олардың құқығын тиімді қорғауға бағытталады.
Фариза ОМАРОВА