ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 26.10.2016 жылғы бұйрығымен Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі, кіші әділет кеңесшісі Әліби Зейнолла Зейноллаұлы Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуроры қызметіне тағайындалды.
Әліби Зейнулла 10.08.1982 жылы қызылорда қаласында туған. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық Заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылы Қызылорда облыстық прокуратурасы органдарына қызметке қабылданып, қалалық сот қаулыларының заңдылығын қадағалау саласы бойынша көмекшісі, аға көмекшісі, облыстық прокуратураның сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүддесін білдіру басқармасының прокуроры, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры, 2014 жылдан бастап облыс прокурорының кәмелетке толмағандарға қатысты заңдардың қолданылуын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі қызметтерін атқарды. Отбасылы, 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеуде.
Қызылорда облыстық
прокуратурасының
баспасөз қызметі