ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КҮРІШТІҢ ЖАҢА СҰРПЫ ТАБЫСТЫ ЕСЕЛЕМЕК
Сырбойылық диқандар келер жылы Иран мемлекетіне күріш экспорттауды көздеп отыр, деп хабарлады «www.24.kz сайты». Осы мақсатта Қармақшы ауданындағы шаруашылықтар шығыс елдерінде үлкен сұранысқа ие «Таром Хошими» сұрпын жерсіндірген болатын.
Жаңа сұрыптың өнімділігі диқандардың көңілінен шықты. Негізінен Иранда күріштің бұл түрі қымбат бағаланады. Егу тәсілі де бөлек. Қолдан түптеп отырғызбаса, көктеуі қиын көрінеді. Бейнеті көп болғандықтан бағасы да біздегіден 10 есе қымбат. Ал Қызылорда жерінде ирандық тұқым дәстүрлі әдіспен себілгеннің өзінде бітік шықты. Дәнді-дақылды ақтайтын зауыттың құрылысы да жуырда аяқталмақ. Айта кетейік, Иран елі жылына 900 мың тонна ақ күрішті сырттан сатып алады. Осы ретте отандық кәсіпкерлер өз өнімдерін жаңа нарыққа өткізуге мүдделі.
Нұрлан Іздібаев, серіктестік басшысы:
- Иран мемлекетінде өздерінің есептеулері бойынша әр гектардан 30 центнерден өнім жинаймыз деген. Біз биылғы жылы тәжірибе есебінде жинағанның өзінде 35 центнерден өнім жинадық. Келешекте жалпы 50 центнердің үстінде астық жинауға мол мүмкіндігіміз бар осы «Таром Хошими» сортынан. Ол мемлекеттерде бір кг ақ күріштің құны 3,5 доллар тұрады екен. Біз енді соның жартысымен сатсақ та, шаруашылық жаман болмайды деп ойлаймын.