ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында облыстық энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мерей Мейірбеков пен Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерлан Бердібаев азаматтарды қабылдап тұрғын үй мәселесі бойынша кеңес берді. Бұл туралы партияның ресми сайтында жазылған.
Қабылдауға келген азаматтар арасында тұрғын үй кезегіне мүлде тұрмаған азаматтар да бар. Мәселен, Фарида Сейітова Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны. Ол қабылдауда өзінің отбасылық және әлеуметтік жағдайын толық баяндап, әлеуміттік әлсіз топтар санатына кезекке тұрып пәтер алғысы келетінін айтты.
Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерлан Бердібаев Фаридамен сұхбаттасу барысында оған тұрғылықты жері Шиелі ауданы болғандықтан, алдымен Қызылорда қаласына мекен-жәй есебіне тұру керектігін айтып, жалпы тұрғын үй Қызылорда қаласындағы пәтерге мұқтаж азаматтар үшін қарастырылғанын түсіндірді.
Ал қабылдауға келген Наурызбике Жәпенова жасынан жетім өскен. 2009 жылдан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша пәтер кезегінде тұрады. Бүгінде отбасылық жағдаймен жұбайымен ажырасып, ағасы мен жеңгесінің үйін паналап отыр. «Олардың да әлеуметтік жағдайы төмен болғандықтан мен ертерек үйімді алып бөлек тұрсам»,- дейді ол.
Қабылдау барысында қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерлан Бердібаев Наурызбикенің пәтер кезегінде 52-ші болып тұрғанын айтып қуантты. Және ол өз сөзінде аталмыш санат бойынша пәтер кезегінде қалада 1010 азамат бар. Сен олардан алда тұрсың. Сондықтан үмітіңді үзбе»,- деп шыдамдылық танытуға кеңес берді.
Сондай-ақ қабылдауға келген азаматтар арасында пәтер кезегін алға жылжыту, Қазақстан ипотекалық компаниясы тарапынан пәтер алу, тұрғын үйді жаңғырту, жөндеу жұмыстары мәселелері бойынша, көмек сұрап келген азаматтар да болды. Мамандар оларға заң аясында тиісті кеңестер беріп, жалпы үкімет тарапынан түрлі санаттарға берілетін пәтерлердің заңды орындалуын «Нұр Отан» партиясы және өзге де құзырлы органдар қатаң бақылап отырғандығын жеткізді.
Жалпы айта кету керек Қызылорда қаласы бойынша тұрғын үйге мұқтаж адамдардың 5 санаты бойынша 20579 отбасы кезекте тұр.