МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ
Кәсіпкерлерді қолдау орталығымен Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамалары бар тұрғындарды кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпараттандыру, мемлекеттік бағдарламалар туралы, жеңілдетілген несиелер және қаржы институттарымен жұмыс жасау алғы шарттарын түсіндіру бойынша қаңтар – қыркүйек айларында 640 адамға кеңес берілді. Сервистік қолдау бойынша есепті кезеңде 90 кәсіпкерге қолдау шаралары жүргізілді. Атап айтқанда, «Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты» - 50 қызмет және «Заң қызметін көрсету» бойынша – 40 қызметі көрсетілген.
Бүгінгі таңда халықты бизнестің негіздеріне оқытып-үйретуге «Бизнес-кеңесші», «Бизнес-Өсім», «Іскерлік байланыс» жобалары бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Осы арада оқыту тақырыбына байланысты «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша жыл басынан наурыз айында 27 адамға, мамыр айында 38 адамға, тамыз айында 21 адамға кәсіпкерлік негіздерін жан–жақты оқыту өткізілді. Нәтижесінде 22 азамат өз істерін бастап, кәсіпкерлікпен айналысуда. «Іскерлік байланыс» оқуы бойынша «Спец транс и К» ЖШС директоры А.Алиева, «Шафия» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Ш.Жамалова, «Сүйіндік» шаруа қожалығының маманы Н.Аманжоловтар Шымкент қаласында өткен кәсіпкерлікті дамыту бағытында 2 апталық оқу курсына қатысты.
Ағымдағы жылдың 9 айында Шиелі ауданы бойынша кәсіпкерлерге қолдау көрсету мен құқығын қорғау жайлы 8 өтініш түсті. Оның ішінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету бойынша келіп түскен шаруа қожалығына қаржы ұйымдарынан несие алу, жоғары кернеулі электр жарығын орнатуға, темір жол тұйығына рұқсат алуға, ауыл шаруашылығы егістік жерін бір түрден екінші түрге ауыстыру, алкоголь өнімдеріне алынатын лицензия туралы қолдау сұрап келген, барлығы 5 өтінішке тиісті қолдау көрсету жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлердің мүдделерін сотта білдіру бойынша барлығы 3 өтініш келіп түсті.
Атап айтқанда, «Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» «Атамұра» шаруа қожалығының 178 гектар жерін,«Әлішер» шару қожалығының 39 гектар жерін, «Байсын»шаруа қожалығының 1528 гектар жерін мақсаты бойынша пайдаланбауына байланысты мәжбүрлеп алып қоюды сұрап сотқа арыз берген болатын. Нәтижесінде аудандық филиал тарапынан аталған мәселелер бойынша тиісті құжаттар жинақталып, сот отырысы барысында Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының шағымы қанағаттандырусыз қалдырылып, «Атамұра» шаруа қожалығына тиесілі бағалық құны 12 млн 70 мың теңгені құрайтын 178 га жері, Әлішер» шаруа қожалығының бағалық құны 3 млн 208 мың теңгенің 39 га жері, «Байсын» шаруа қожалығының бағалық құны 73 млн 726 мың теңгенің 1528 га жері шаруашылықтарда қалдырылды. Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалының араласуымен жалпы құны 89 млн 4 мың теңге тұратын 1745 га шаруашылық жерлері халықтың пайдалануына қалдырылды. Алдағы уақытта кәсіпк ерлердің мүдделерін, құқығын қорғау жұмыстары жалғасын табатын болады, - деді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиал директоры Рысбай Нысанханов кәсіпкерлер алдындағы есепті кездесуінде.
Биылғы жылдың басынан «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы аясында ауданымыздан 47 млн. 205 мың тенгенің 2 жобасы бойыншапайыздық мөлшерлемесі субсидияланды.
Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы аясында қайтарымсыз инновациялық грант беру бойынша «Өңірлік үйлестіру кеңесінің» қарауына 8 жоба ұсынылып, нәтижесінде 3 жоба 1 млн. 662 мың тенге грант ұтып алды.
«Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасының 2-ші бағыты аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 30 адам 74 200,0 мың шағын несие алып, 58 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов: Кәсіпкерлер палатасы мен аудандардағы филиалдарымызда прокурор кабинеттерін ашуға қол жеткіздік. Палата жанынан «Бухгалтерлер Клубы» мен «Заңгерлер Клубын» аштық. Мұнан өзге палата жанында Өнірлік кеңес, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі, Іскер әйелдер кеңесі тиімді жұмыс жасауда. Және ең басты қол жеткізгеніміз – «Микробизнес-Қызылорда» жобасы. Жобаның тиімділігіне көз жеткізген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы биылғы жылдан бастап қаржыландыруға үлес қосуда. Қазіргі таңда 672 млн теңгенің 107 жобасы іске асырылып, 400-ге жуық жұмыс орнын ашуға қол жеткіздік, - деді аудан халқымен кездесу кезінде.
Шиелі ауданынан «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» жанындағы бақылау кеңестің қарауына 47 жоба ұсынылып, жалпы құны 130,1 млн тг құрайтын 19 жоба қаржыландырылып, 41 жұмыс орны ашылуда.
Мысалға, бастамашы жеке кәсіпкер Серікбай Нағашыбай болып табылатын Тартоғай ауылындағы «Наубайхананы құрылымдау» жобасы бойынша «Өңірлік инвестициялық орталық арқылы» 3 млн тг несие алынды. Бүгінгі таңда айына 3 тн өнім өндіріп, Тартоғай ауылы тұрғындарын және жақын жатқан ауылдарды нан өнімдерімен қамтамасыз етіп, 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Өңірлік даму картасына қосу үшін Шиелі ауданы бойынша 2 жоба ұсынылып отыр. Бастамашысы «Шиелі Тас - Оңтүстік» ЖШС-і болып табылатын «Силикат кірпіш зауыты». Жобалық құны 612 млн тг, жоба іске асқан кезде жылдық қуаттылығы 15,0 млн дана кірпіш және жаңадан 59 жұмыс орны ашылу көзделіп отырса, бастамышысы «Сыр суы» ЖШС-і болып табылатын «Тазартылған су шығару зауыты». Жобаның құны 1 млрд 235 млн тг, жоба іске асқан кезде жылдық қуаттылығы 6,5 млн литр су және жаңадан 122 жұмыс орны ашылу көзделіп отыр.
Аталған жобаларды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «АИРИ» ЖШС бірігіп әзірленген «Бизнес навигатор» электронды порталына енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басынан Шиелі ауданы бойынша 4 ауыл шаруашылық өндіріс кооперативі құрылды.
Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев жалпы шиелілік кәсіпкерлерге әрдайым қолдау жасалып жатқанын жеткізсе, аудан прокуроры Хадиша Жұмағұлова Палатамен бірлесіп, аудан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғауға әрдайым дайын екендігін жеткізді.