ТІЛЕКТЕСТІК
Үстіміздегі жылдың 7 қарашасынан бастап Әбдуов Қаныбек Шәрібекұлы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
24 жылға жуық шығармашылық саласында жемісті еңбек еткен ол республикалық «Жас алаш», «Дала мен қала» газеттерінде тілші, облыстағы меншікті тілші, облыстық «Сыр бойы» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында бөлім меңгерушісі, кейінгі екі жылда «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қаныбек Шәрібекұлының жаңа қызметіне тілектестік білдіреміз.
Әріптестері
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қаныбек Шәрібекұлының жаңа қызметіне тілектестік білдіреміз.
Әріптестері