ШИРЕК ҒАСЫРДА СЫРБОЙЫЛЫҚТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРДЫ
Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
-Облыстық бюджеттің көп бөлігі халықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне, оның ішінде денсаулық сақтау саласына жұмсалады. Қызылордада жаңа заман талабына сай облыстық медициналық және диагностикалық орталықтар, перинаталды орталық, мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығы және өзге де әлеуметтік нысандар бой көтерді. Барлық аудан орталықтарында заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа емханалар, ондаған ауылдық дәрігерлік амбулаториялар салынды. 25 жылда аймақта 400 мыңнан аса сәби-Тәуелсіздіктің төл құрдастары дүниеге келді. Ал тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 10 жылға дейін ұзарды (64-тен 72 жасқа дейін),- деді Ақмарал Әлназарова.