ҒАРЫШ КЕМЕСІН ЖИНАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз МС-03» көліктік ұшақ кемесін іске қосуға дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ресейдің «Энергия» ғарыш корпорациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылдың 7-қарашасында «Энергиия» кәсіпорнының мамандары ғарыш айлағында жаңа үлгідегі «Союз МС-03» көліктік ұшақ кемесінің аралығын жалғау бойынша технологиялық операцияларды сәтті жүзеге асырды.
Дайындық жұмыстарының тәртібі бойынша, кемені тексеру жұмыстары жүргізіледі. «Союз МС-03» көліктік ұшақ кемесі халықаралық ғарыш ситанциясына кезекті ұзақмерзімді экспедицияға Байқоңырдағы Гагарин алаңынан 2016 жылдың 17-нен 18-не қараған түні ұшады. Халықаралық ғарыш станциясына сапарға көліктік ұшақ кемесі мен МКС-50/51 миссиясының негізгі экипаждары «Ресейғарыш» агенттігінің ғарышкері Олег Новицкий, астронавт ЕSА Тома Песке мен астронавт NASA Пегги Уитсон және дублерлар - ғарышкер «Ресейғарыш» ғарышкері Фёдор Юрчихин, астронавт NASA Джек Фишер мен астронавт ЕSА Паоло Несполи дайындалуда.