АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Сыр елі – достық мекені» атты ақпараттық-насихаттық топ «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жобасы аясында этносаралық келісімді нығайту жөнінде мұнай-газ саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиынға «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс, өзбек этномәдени бірлестігінің алқа мүшесі, кәсіпкер Бақтияр Дадашев, «SSM-Ойл» ЖШС директоры Нұрмұхамед Әбдікәрімов, Петро Қазақстан мұнай кәсіпшілігі компаниясына қарасты «Көлжан» ЖШС директорының орынбасары Ғалым Байманов және аталмыш компанияның қызметкерлері қатысты.
Жиында ақпараттық насихаттық топтың мүшесі Е.Уәйіс «Қазақстан Тәуелсіздіктің 25-ші белесінде» деген тақырыпта баяндама жасады.
Баяндамасында егеменді ел болғалы елдегі тұрақтылық, ауыз біршілік, ұлтаралық қатынастарды жылдамдаттық. Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауынан туындайтын міндеттер өз деңгейінде орындалуда. «Нұрлы жол» 2050 бағдарламасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда жаһан жұртына жария қылған манифесі соғыссыз әлем құруға ұмтылған ұлы мақсаттан туындаған ордалы ойдың жемісі екені анық дей келе облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясы 11 этномәдени бірлестіктерінің белсенді жұмысына ерекше тоқталды. Тіл мен дін, имандылықтың игі шарттары жайлы нақты мысалдар келтіре кетті.
Өзбек этномәдени бірлестігінің алқа мүшесі, кәсіпкер Бақтияр Дадашев бірлестіктерінің біріккен мәдени іс-шаралары туралы, сонымен қатар қоғамдық және этносаралық келісімді нығайту жөнінде сөз сөйледі. Мектеп жасындағы ұлты өзбек жеткіншектерін қазақ тілінде тәрбиелеу жұмыстарының жүріп жатқандығына да тоқтала кетті.
Топ мүшелері қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. «Сыр елі-достық мекені» ақпараттық-насихаттық тобы алдағы уақытта да тұрғындармен осындай кездесулер өткізе беретіндігін айта кетті.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі