БҮГІН ОҢТҮСТІК АЙМАҚТАРДА ЖАУЫН-ШАШЫНСЫЗ
Республика аймағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерге қар түсіп, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне қарағанда, Қостанай облысында күндіз де түнде де көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жекелеген аудандарда тұман түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді. Павлодар облысында, түнде Қарағанды облысында желдің күші 15-20 метр болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлеріне тұман түседі. Күндіз Ақтөбе облысында көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл аймағында желдің күші 15-20 метрге жетеді деп болжануда.