КӘСІПКЕРЛЕР ЖАЛАҒАШТА БАС ҚОСТЫ
- Аймақта кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру мақсатында Палатаға кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ бизнестің жүйелі жүргізілуі үшін кәсіпкерлерді заңнамалық және өзге де нормативтік ережелердің қалыптасу процесіне кеңінен қатысуына жағдай жасау міндеттелген. Осы ретте біз Қызылорда облысының іскерлік және инвестициялық тартымдылығын арттыру, бизнестің дамуы үшін тиісті шаралар қабылдаудамыз, - деді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов жалағаштық кәсіпкерлермен кездесу барысында.
Жыл басынан Жалағаш ауданындағы Кәсіпкерлер палатасы кеңесшілер арқылы 453 адамға мемлекеттік бағдарламар бойынша және кәсіпкерлерге сервистік қолдау қызметі көрсетілсе, 921 адамға әр-түрлі кеңестер берілді. Бизнес жоспар әзірлеу бойынша қызмет көрсету – 29 адамға жоспар жасап берілді. Сонымен қатар «Бизнес Кеңесші», жобасы аясында 3 рет екі күндік оқу семинар өткізу ұйымдастырылып, 46 адам сертификат алды.
Аудандық прокуратурамен бірлесіп атқарған іс-шаралар барысында аудандық кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтірілгендігі анықталып, Жалағаш ауданының ІІБ-нің жергілікті полиция қызметі ағымды жылдың басынан 31.05.2016 жылдың аралығында кәсіпкерлікпен айналысатын 68 азаматты заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сауда жасауға тыйым салып, кәсіпкерлікпен айналысуға кедергі келтірген. Қазіргі таңда, жоғарыда аталған 68 әкімшілік хаттама аудан прокуратурасымен бұзылып наразылық еңгізілді. Жоғарыда көрсетілген 68 аудан кәсіпкерлердің құқықтары толығымен қорғалды.
Сонымен қатар, Жалағаш аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалы, ауданның несиеге ынталы кәсіпкерлерге өз деңгейінде сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіліп келеді. Оның ішінде Өңірлік инвестициялық орталық арқылы 2016 жылы 51,0 млн.тенге болатын 11 жоба мақұлданып қолданса, бүгінгі таңда 37,2 млн.тенге болатын 8 жоба қаржыландырылып жұмыстарын ақаруда. Қосымша 2016 жылдың аяғына дейін аудан көлемінде 6 жобаға несие алу үшін құжаттары рәсімделу үстінде.
- Ауданымыздағы салық базасының нығаюы, салынып жатқан зәулім ғимараттардың бой көтеруі мен еліміздің күн санап көркеюі – кәсіпкерлер жұмысының жемісі. Кәсіпкер өз бизнесін дамыту арқылы тек өз өмір сапасын ғана емес, сонымен қатар ел экономикасына да айтарлықтай үлесін қосады. Аудандық кәсіпкерлер палатасының филиалы тарапынан ауданда шағын және орта кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті ашуға, одан әрі дамытуға және құқықтық қолдауға бағытталған жұмыстар жалғасатын болады, - деді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Жалағаш ауданындағы филиалы директоры Ерлан Абдикеров кәсіпкерлер алдындағы есепті кездесуде.
Өз кезегінде сөз алған Жалағаш ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев ауданда шағын және орта бизнестің артқанын, жалпы аудандағы кәсіпкерлік саласының даму серпіні туралы ақпарат берсе, аудан прокуроры Самат Будыков Кәсіпкерлер палатасымен одан әрі бірлесіп жұмыс жасайтындығын жеткізді.