ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ШЕШІЛУДЕ
Қызылорда облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Коммуналдық қызметтер - электр энергиясы, жылу және сумен қамтамасыз етуде жоғары сапаға қол жеткізілді. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов хабарлады.
- Жылу және электр энергиясы үзіліссіз беріліп келе жатыр. Аймақтан ең шалғай елді-мекендерін де электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешілді. Ал, электр желілерін тарту экономикалық тұрғыда тиімсіз жерлерге жасыл энергетика көздері пайдаланылады, - деді Әбдіхалықов.
Айта кетейік, аймақты орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қаматамасыз ету республикадағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі - 95 пайызды құрайды. Қызылжарма жерасты су қоймасынан таза су тарту арқылы Қызылорда қаласындағы ауыз судың сапасы 10 есеге жақсарды.