БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы parlam.kz жазылған.
2016 жылғы 12 сәуірде Мәскеуде қол қойылған Хаттаманың мақсаты қосарланған салық салу мәселелерін, атап айтқанда, Байқоңыр қаласының аумағында немесе Қазақстанның өзге аумағында тауарларды өткізу және әкелу кезінде, сондай-ақ жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету кезінде жанама салықтарды қолдану мәселелерін реттеу болып табылады.
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов журналистерге: «Хаттамаға сәйкес Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстанның өзге аумағына тауарлар әкетілетін немесе Қазақстанның өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкетілетін жағдайда нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады және акцизделетін тауарларға қатысты акциздер төлеуден босатылады», - деді.
Бұдан басқа, жұмыс істеу, қызмет көрсету кезінде жанама салықтарды өндіріп алу, егер бұл аумақ жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылатын жағдайда Байқоңыр қаласының аумағында немесе Қазақстанның өзге аумағында жүзеге асырылады.
Р.Ахметов сондай-ақ құжаттың қабылдануы тауар айналымын арттыруға және аймақтардағы кәсіпкерлік мүмкіндіктерін ұлғайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.