ҰЛТТЫҚ БАНК «КҮЛТЕГІН» ЕСТЕЛІК МОНЕТАЛАРЫН АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ
Бүгін ҚР Ұлттық банкі «Дала қазынасы» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік «Күлтегін» күміс естелік монеталарын айналымға шығарды, деп хабарлайды BNews.kz.
Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек розеткасы бейнеленген, оның ішкі жағында ҚР елтаңбасы және мемлекеттік тілде «Қазақстан Республикасы» және орыс тілінде «Республика Казахстан» деген жазба бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 теңге» деген жазу, жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің логотипі бар. Жылтыр бетіне жіп тәріздес ою-өрнек салынған.
Монеталарды айналдыра жалпақ жиек жүргізілген, онда соғылған жылын білдіретін «2016» және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31.1g» деген деген жазу орналасқан.
Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында атақты Орхон ескерткіші кешенінің бедер тақтасынан алынған руникалық жазба бөлігінің аясында түркі көсемі мүсінінің бір бөлігінің «тасқа ұқсас» оксидтелген бедерлі бейнесі орналасқан. Жиек монетаның Орхон кешенінің бейнелі байланысын көрсететін, тасқа ұқсас стильдендірілген жақтауша түрінде жасалған. Жиегінде түркі руникалық жазбасы стилистикасында жазылған «Күлтегін» деген жазу және монета сериясының үш тілдегі: мемлекеттік тілдегі «Дала қазынасы», орыс тіліндегі «сокровища степи» және ағылшын тіліндегі «Treasures of the steppe» деген атауы орналасқан.
Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 г, 30х45 мм тіктөртбұрыш, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 5 мың дана.
Номиналы 500 теңгелік естелік монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.