ЧЕК ТАЛАП ЕТКЕНДЕР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде республикалық «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының қазан айын қорытындылаған басқосу болып өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Б.Орданова.
Департамент басшысының орынбасары Мұса Қалдарбеков акцияның барысына, қызылордалықтардың белсенділігіне, статистикалық көрсеткіштерге қысқаша тоқталды.
Акцияның ерекшелігі - электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады. Акцияға тұтынушылар сатып алған тауар үшін, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберу арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.
2016 жылдың қазан айында облыс бойынша «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы 13748 чек жіберілген. Қазан айының жүлделерінің ұтысы мен оларды табыстауға комиссия мүшелері және 200-ден аса чек жолдаған белсенді қатысушылар қатарынан (бағдарламаның өзі анықтаған) 29 үміткер ұтыс ойынына шақырылды. Автоматтандырылған бағдарлама арқылы кездейсоқ таңдаудан бірінші жүлде иесі болып 5889 нөмірлі чек иесі, Қызылорда қаласының тұрғыны Әбілова Жұмакүл танылды, жүлдесі – теледидар. Екінші және үшінші орын үшін Сырдария ауданының тұрғындары: Обашканова Күміскүл (чек 5946) мен Мақанова Айгерімге (чек 5925) шаңсорғыш және қысқа толқынды пешті ұтып алды. Мұнан басқа үш белсенді қатысушыға Департамент басшысының Алғыс хаттары тапсырылды.
Акцияның бірінші кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаған Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұса Қалдарбеков қатысушыларды белсенді болуға шақырды. Финалдық ұтыс жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде болады.