ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ БҮГІН ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Бүгін еліміздің барлық аймақтарында дерлік ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» мәліметтеріне сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне қарағанда, кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші секундына 15-20 метр. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында боран тұрып, көктайғақ болады. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, облыстарында да тұман түсіп, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда, Маңғыстау түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Павлодар облысында боран күшейіп, желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді. Қарағанды облысында да тұман түсіп, желдің күші 15-20 метр-секунд болады.