ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДАҒЫ ОЗАТ ШАРУАШЫЛЫҚТА БОЛДЫ
4 қазан күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев егін жинау науқанын аяқтаған Қармақшы ауданындағы Ақтөбе ауылында болды. Аймақ басшысы диқандарды орақ науқанының нәтижелі аяқталуымен құттықтады.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын Қармақшылық шаруалар мол табыспен қарсы алуда. Егер аймақтағы күріш жинау көлемі орта есеппен гектарына 54,9 центнерден келсе, қармақшылықтар гектарына 58,3 центнерден өнім алды. «Ақтөбе және К» ЖШС және «Дөйт» шаруа қожалықтары гектарынан 75 центнерден өнім жинап, рекордты жаңартты.
Шаруаларды осындай жоғары нәтижелерімен құттықтай отырып, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев соңғы екі жылда Ақтөбе ауылының диқандары озық технологиялар мен жаңа жоғары сапалы күріш сұрыптарын қолданып жатқандығын атап өтті.
- Биылдан бастап «Ақтөбе и К» шаруа қожалығы ирандық «Таром-Хошими» күріш түрін өсіре бастады. Келесі жылы оларды 150 гектар жерге егу жоспарлануда. Бұл экспорттық әлеуетті және өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ келер жылы Ақтөбе ауылында жылына қуаттылығы 1500 тонна өнім шығаратын құс фабрикасы құрылысын салу жоспарлануда,- деді Қырымбек Көшербаев.
«Ақтөбе және К» шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Іздібаев озат шаруаларды алғыс хатпен және құрмет грамоталарымен марапаттады. Ал күрішші-мелиоратор Басқынбай Қайырқұловқа жеңіл автокөліктің кілті табысталды.