АКАДЕМИК АГАНБЕГЯН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДАМУЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ
4 қарашада, Қызылордада академик, экономика ғылымдарының докторы Абел Аганбегян бастаған Қазақстан-Ресей ғалымдар тобының қатысуымен Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асыруға арналған жиын өтті.
Жиынды ашқан Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев академик Аганбегянның тікелей қатысуымен әзірленген облыстың даму Стратегиясы аймақ экономикасы үшін күрделі кезеңде іске асырылып жатқанын атап өтті. Оған себеп, елімізде қысқарған мұнай өндірісінің 60 пайызы Қызылорда облысына тиесілі. Соған қарамастан жүйелі әрі табанды түрде жүргізілген жұмыстардың арқасында жақсы нәтижелерге қол жетіп отыр.
- Қазір Қызылорда облысы ауыл шаруашылығын инвестициялау және өңдеу өнеркәсібінің қарқыны бойынша көш басында. Тұрғын үй құрылысы жедел қарқынмен дамуда. Тек биылдың өзінде Қызылордада 80 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында шыны зауытын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа да ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар салынуда,-деді Көшербаев.
Негізгі басқармалардың басшылары өздері жетекшілік ететін салалар бойынша Стратегияның жүзеге асырылу барысы туралы баяндап, әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттарында жоғары өсім байқалып отырғанын жеткізді.
Академик Аганбегян өз кезегінде қызылордалықтарды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, облыста соңғы 4 жылда атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
- Біз облыстың 2013 жылға дейінгі даму Стратегиясын әзірлеуге қатыстық. Міне, соңғы 3-4 жылда Қызылорда облысы дамудың барлық түйткілді бағыттары бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Қызылорда адам танымастай болып өзгерді: көппәтерлі жаңа тұрғын үйлер,шағын аудандар, аквапарк, «Назарбаев зияткерлік мектебі», перинаталдық орталық және тағы да басқа көптеген ғимараттар пайда болды. Сонымен бірге, сіздер ауыз су мәселесін түбегейлі шештіңіздер. Жалпы алғанда облыс оң көрсеткіштерге қол жеткізді және бұл өзгерістер елдегі рецессиялар, экономикалық күрделі кезеңдерде мүмкін болып отыр. Әрине, аталған реформаларды табысты жүзеге асыруда облыс басшылығының принциптік ұстанымы мен белсенділігі маңызды роль атқарды. Сіздер өз жетістіктеріңізбен батыл мақтана аласыздар. Айта кету керек, алда әлі де қыруар шаруа күтіп тұр, бірақ болашаққа деген сенімнің іргетасы қазірден қаланды, -деп атап өтті А. Аганбегян.
Анықтама үшін: Абел Гезевұлы Аганбегян – кеңестік және ресейлік ғалым-экономист, экономика ғылымдарының докторы, КСРО Ғылым Академиясының академигі. Новосібір Мемлекеттік университеті экономика факультетінің негізін қалаушылардың бірі. РФ Үкіметі жанындағы халық шаруашылығы Академиясының ректоры (1989-2002), АӨҚО Академиясы академиялық кеңесінің мүшесі. Қайта құру жылдары КОКП ОК Бас хатшысы М.С Горбачевтың экономика мәселелері жөніндегі кеңесшісі болған. оветский и российскийучёный-экономист, доктор экономических наук, академик Академии наук СССР. Один из основателей экономического факультета Новосибирского государственного университета. Был ректором Академии народного хозяйства при Правительстве РФ (1989—2002), член академического совета Академии РФЦА. В годы перестройки был советником генерального секретаря ЦК КПСС М. С. Горбачева по вопросам экономики.