ӨРТТЕН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Белкөл кентінде 2 қараша күні сағат 19-40 шамасында Есмаханов көшесіндегі тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында шұғыл түрде өткен брифингте Белкөл кентінің әкімі Асхат Ибрагим хабарлады. Соның салдарынан бір отбасының 6 адамы әр түрлі жарақат алып, оның төртеуі облыстық медицина орталығына, біреуі қалалық ауруханаға жеткізілді. Ал 1969 жылы туылған Азиза Бакирова 90 пайыз күйік алу себебінен қайтыс болды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Руслан Қайрақбаев оқиғаға байланысты құжаттар жиналып, ІІД-не жолданды. Әзірге тек өрттің газ баллоны себебінен орын алды деген болжам бар екенін айтып өтті.
Зардап шеккендердің жағдайын облыстық медицина орталығы бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары Нұредин Амитов «тұрақты» деп отыр.
Айта кету керек, 10 айда Қызылорда облысында барлығы 406 өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Ол өткен жылмен салыстырғанда 4,9 пайызға көбейіп отыр. Өрт оқиғаларының 70 пайызы тұрғын секторларда орын алған. Ал Белкөл кенті бойынша биыл 5 өрт оқиғасы тіркелген.
Шынар БЕКБАН