БАЙҚОҢЫРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚҚС БОСАТЫЛАДЫ
Байқоңыр қаласындағы кәсіпкерлер Қазақстан мен Ресейдің салық кодексі бойынша қосымша құн салығын әртүрлі мөлшерде төлеп келген. Бұл аталмыш өңірде қызметтер құнының қымбаттауына әкеліп соқтырды. Сондықтан арнайы заң жобасы арқылы Байқоңырдағы кәсіпкерлер үшін нөлдік қосымша құн салығы енгізілмек. Олар акцизделетін тауарларға салық төлеуден босатылады. Бұл туралы Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды, деп хабарлайды BNews.kz.
Бүгін Сенатта «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР заң жобасын қарау бойынша Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, вице-министр Ардақ Теңгебаев пен Сенат депутаттары қатысты.
Ардақ Теңгебаевтың айтуынша, алдағы уақытта Байқоңыр қаласындағы кәсіпкерлер үшін қосымша құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.
«Байқоңыр қаласындағы ресейлік салық төлеушілер тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сату және сатып алу кезінде 18%-дық қосымша құн салығын төлейді. Оны қазақстандық салық органдары есепке ала алмайды. Ал қазақстандық салық төлеушілер қосымша құн салығын 12%-дық мөлшерлеме бойынша төлейді. Ол Байқоңыр қаласындағы қазақстандық салық органдарының есебіне кірмейді. Осы жағдай өңірдегі қызметтер құнының қымбаттауына әкеп соғуда. Енді Байқоңыр қаласынан тауарлар шығарылған немесе әкелінген жағдайда қосымша құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады. Сондай-ақ, акцизделетін тауарлар салықтан босатылады. Заң жобасының негізгі мақсаты осы», - деді Қаржы министрінің орынбасары.
Сонымен қатар, Сенат депутаты Рашид Ахметов аталмыш заң жобасы қазақстандық және ресейлік кәсіпкерлерге оң ықпал ететіндігін жеткізді.
«Бұл заң жобасы бойынша қазақстандық кәсіпкерлерге (Қазақстан аумағында тіркелген) және Байқоңыр аумағында тіркелген бизнесмендерге қосымша құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады. Сондай-ақ, акцизделетін тауарларға акциз төленбейді. Яғни, Байқоңыр аумағында тіркелген ресейлік кәсіпкерлер ғана қосымша құн салығынан босатылады. Бұрын бұлай істеу мүмкін емес еді. Себебі, бұл мөлшерлеме Ресей Федерациясының салық кодексі бойынша 18%-ды, ал Қазақстан салық кодексі бойынша 12%-ды құрайтын. Осы заң жобасы қабылданғаннан кейін қос тарап арасында тауар айналымы артады. Кәсіпкерлердің шығыны азаяды. Менің ойымша, бұл өзгеріс сол өңірдегі бизнестің дамуына айтарлықтай ықпал етеді», - деп түйіндеді сөзін сенатор.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қазан күні Мәжіліс отырысында депутаттар аталмыш заң жобасын қолдап, Сенаттың қарауына жіберген болатын.