СИТУАЦИЯЛЫҚ-ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
«СК-Фармация» ЖШС-ның базасында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен Бірыңғай дистрибьютордың ситуациялық-талдау орталығы іске қосылды. Бұл туралы ДС ӘДМ ресми сайтында жарияланған.
Іс-шараға Қазақстанның денсаулық сақтау және фармацевтикалық салаларының ардагерлері, ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің, Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Ситуациялық-талдау орталығының негізгі функциялары – медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарына дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және жеткізу жөнінде ақпарат жинау және талдау.
Ситуациялық-талдау орталығында дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы ақпараттың топтасуы нақты уақыт режимінде жұмыстың негізгі көрсеткіштері бойынша мәліметтердің өзектілігін; жоспарлау мен болжаудың сапасын; басқару шешімдерін қабылдау тиімділігін арттыруға; талдау материалдарын дайындау жылдамдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2017 жылы Ситуациялық-талдау орталығы ақпараттық жүйесін денсаулық сақтау және Электрондық үкімет порталының ұқсас жүйелерімен интеграциялау жүзеге асырылады.