ТҰРАҚСЫЗ АУА РАЙЫ САҚТАЛАДЫ
Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып. Жел солтүстік-батыстан, республиканың шығысында солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде жел екпіні секундына 18-23, бірқатар аймақтарда 30 метрден асады.
Кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендесе, кей жерлерде 10 градус жылы болады. 5-6 қараша күндері ауа температурасы түнде 3-8 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, кей жерлерде 11 градус аяз болады. 4 қарашада түнде және күндіз Жамбыл облысында жауын-шашын болады деп күтілуде. Түнде және күндіз секундына 23-28 метр солтүстік-батыстан жел соғады. Жел екпіні секундына 30 метрден жоғары болады. Кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.