ҰЛТТЫҚ БАНК 1000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТТАРҒА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ
Ұлттық банк банкнот мәлімдеме Ұлттық Банк 1000 теңгелік банкноттарға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 24.kz.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық банк төрағасының Қазақстан теңгесі банкноттарында қолтаңбасының қойылуы туралы талаптың 2016 жылдан бастап алып тасталғанын еске салады. Қазіргі уақытта айналыста Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған номиналы 1000 теңгелік банкноттар бар, қалған бөлігінде олар бірдей болып табылады. Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті», - делінген ақпараттық хабарламада.