Қ.КӨШЕРБАЕВ МҰНАЙ КОМПАНИЯСЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін, 3 қараша күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Теңізшевройл» компаниясының басшыларымен кездесіп, жергілікті мұнайсервистік компаниялардың Атырау облысындағы жобаларға қатысу мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, облыстағы мұнайсервистік компаниялардың «Теңізшевройл» ЖШС басшыларымен жұмыс кездесуі өтіп, онда қызылордалық компаниялардың мұнай-газ саласындағы кәсіпорындар үшін сервистік қызмет көрсету мүмкіндіктері таныстырылды. «ТШО» жетекшілері бірқатар мұнайсервистік компаниялар мен тауар өндірушілердің өндірістік базаларымен танысып шықты.
Еске сала кетейік, биыл тамыз айында Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен отандық мұнайсервистің мәселелеріне арналған кеңес өтті. Жиын қорытындысы бойынша мұнайсервистік компаниялардағы жұмысшыларды жұмыстан босатуға жол бермеу және оларды еңбекпен қамту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы тапсырма берілген болатын.