ҚАЗАҚСТАНДА КҮНІНЕ 1000 БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛЕДІ
Еліміздің перзентханаларында күніне 1000 бала дүниеге келеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің республикалық үйлестірушісі Гүл Омарова айтты.
- Республикамызда 15 жастан бастап 49 жас аралығындағы дүниеге бала алып келе алатын 4 миллионға жуық әйел тұрады. Жыл сайын 400 000 әйел босанса, еліміздің перзентханаларында күніне 1000 бала дүниеге келеді, - деген Г.Төребекқызы «Репродуктивті денсаулық сақтау бөлімшесінің негізгі мақсаты әйелдерге босанғанға дейінгі көмек көрсету болып табылады. Ол дегеніміз әйел екі қабат кезінде бұрын тек қана дәрігерлермен жұмыс істеген болса, ендігі кезекте акушерлермен де тығыз байланыста болады. Бүгінгі күні екі қабат әйелге акушерлер қарағанда босану жеңіл өтетеіндігі дәлелденіп отыр. Өйткені дәрігерлер адамнан тек ауру іздейтін болса, акушерлер әйелдердің жанын жақсы түсіне отырып өзара сенімділіктің арқасында түсіністік қалыптасады. Біз әйелдерге екі қабат уақытында өзіне қалай қарау керек екендігін түсіндіріп, өзіміз қарағанымен оның бұл кезеңі қалыпты өтуіне ең бірінші орында отбасы жауапты екендігін ұмытпаулары керек» деп атап өтті.
Гүл Омарованың айтуы бойынша, Қазақстандағы әйелдердің 98 пайызынан көбі арнайы мамандандырылған орталықтарда, жоғары қамтамасыз етілген медициналық ұйымдарда, ғылыми орталықтарда босанады.