ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Кеше Арал аудандық Мәдениет орталығында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Мәңгілік елдің – мәңгілік мұрасы» атты облыстық жыршы-термешілердің байқауы өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Байқау екі тақырып аясында ұйымдастырылып, сайыс жас ерекшелігіне қарай қорытындыланды. Осылайша, үлкен топ бойынша бас жүлдеге қызылордалық Мейірімжан Махамбетжанов қол жеткізсе, 1-орынды қармақшылық Нұрпатшайым Әбілбекова, 2-орынды Арал ауданынан қатысқан Бексұлтан Орынбасаров және Жаңақорған түлегі Аружан Әбілтай алды. 3-орынға Қызылордалық Айдос Тұрар ие болды.
Кіші топ бойынша, бас жүлде Арал ауданының жыршысы Әли Кеңесұлына бұйырды. Ал, Шиелі ауданының өнерпазы Дилназ Ташмұхаммед 1-орыннан көрінсе, 2-орынды қармақшылық Алтынбек Айқын, 3-орынды Аралдың түлегі Шадияр Октябрьұлы және Сырдан келген Бағила Құдайбергенова иемденді.