ДЕПАРТАМЕНТКЕ ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы лауазымына Мұхимов Абзал Сансызбайұлы тағайындалды.
А.Мұхимов 1976 жылы туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «филология» және «экономист-менеджер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы қалалық, облыстық телеарналардың тілшісі ретінде бастаған.
2001-2010 жылдары облыс әкімі жанындағы жастарды қолдау облыстық орталығының директоры, Сырдария ауданы Н. Ілиясов ауылдық округінің әкімі, Сырдария аудандық мәдениет бөлімінің бастығы, облыс әкімінің аппаратында бас маман, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.
2010-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, сондай-ақ Экономикалық даму және сауда министрлігінде департамент директоры, Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2013-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары, 2014 жылдың маусым айынан Арал ауданының әкімі.