ТІЛ САҚШЫЛАРЫ ШИЕЛІДЕ БАС ҚОСТЫ
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Шиелі аудандық филиалы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» тақырыбында облыстық семинар-кеңесі өтті. Шараға «Қазақ тілі» қоғамы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсат пен аталмыш қоғамның әр ауданнан арнайы шақырылған филиал төрағалары қатысты.
Семинардың пленарлық жиыны «Салтанат сарайында» өтті. Бұл жердегі шараны аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов ашып, кіріспе сөз сөйледі. Жиын барысында «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрағасы Өркен Исмаил ана тіліміздің беделін арттыру жолдары және «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымдарының алдағы міндеттері жайлы баяндама жасады.
Семинар-кеңесте С.Аңсатов және аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов қорытынды сөздерін сөйлеп, баспасөзде мақала жазып, қоғамдық рейдтерге белсене қатысып жүрген аудандағы бірқатар тіл жанашырларын марапаттады.