КЕЛЕР ЖЫЛЫ ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ
Дәрі-дәрмектердің бағасы алдағы жылы арзандамаса да, қымбаттамайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «СК-Фармация» компаниясының басқарма төрағасы хабарлады.
Нұржан Әлібаевтың айтуынша, компания препараттардың барлығын дерлік 2014 жылғы бағамен сатып алған. Бұл қазынаның 100 млрд. теңгесін үнемдеуге мүмкіндік берген. Басқарма төрағасы: «Ел ауруханаларын тегін берілетін дәрі-дәрмекпен қамтуда да қазір ешқандай кедергілер жоқ», – дейді.
Айта кетейік, «СК-Фармация» компаниясы Үкіметтің шешімімен 2009 жылы құрылған болатын. Алғашқыда «Самұрық-Қазына» қорына қараған бірыңғай дистрибьютордың міндеті – халқымызды дәрілік заттармен қамтамасыз ету. Қазір компания салалық министрліктің бақылауында.
Нұржан Әлібаев, «Ск-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы
- Жалпы Қазақстан бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі толық 100 пайыз жабылған. Біз қазір графикті логистерімізбен бірге, мысалы, қараша айында дәрі-дәрмекпен қамту мәселесін қазан айында шешеміз. Кестені өзгерткенбіз. Оның үстіне, сіздер қазіргі таңда біздің «СК-Фармацияның» сайтына кірсеңіздер, Қазақстан бойынша 1107 аурухана бар, соның бәрін интерактивті анықтамадан қаншалықты қамтып отырғанымызды, қандай дәрі бар, яғни ауруханаға келгендер толық мәліметті алып, ауруханадан талап ете алады.