ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНАН КӨҢІЛІ ҚАЛҒАН ПОЛИЦЕЙ ҚЫЗМЕТТЕН КЕТТІ
Екі жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген С.Микаров деген азаматты есірткімен ұстап, бірақ қайта босатып жіберген тәртіп сақшысы жұмыстан кетті.
Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің Құмкөл поселкелік полициясы бөлімшесінің учаскелік инспекторы Н.Пірәлінің ісі бүгін Тәртіптік кеңес оның өзінің қатысуымен қарады. Полиция қызметкері алдыңғы отырысқа жұмыстан өз еркімен босатылуына байланысты келмеген еді. Мән-жайды анықтаған облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Н.Дүйсебаев:
- Микаров бөлімге жеткізілген кезде ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасы жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, ол қылмыскерді жібере салған. Оқиға 19 ақпанда болған. Келесі күні сараптама тағайындайды. Есірткінің мөлшері қылмыстық іс қозғауға жеткіліксіз болғандықтан, әкімшілік хаттама толтырып, жөніне қоя берген, - деді.
Н.Пірәлінің өзі болса, прокуратура өкілінің сөзімен келіспейтінін жеткізді.
- Микаровты бөлімге түнде апарғанбыз. База дәл сол уақытта жұмыс істемей тұрды. Оның үстіне, азаматтарды үш сағаттан артық ұстауға болмайды. Ішкі істер департаментінің наркобизнеске қарсы күрес басқармасына хабар бергенімде олар екі күннен кейін ғана Микаровтың іздеуде жүргенін, оны өздері қолға түсіретінін мәлімдеді. Менің қателігім, ештеңені күтпей, аудандық соттың поштасына іс құжаттарын жолдауым керек еді, - деді Н.Пірәлі.
Айта кетейік, ол бұған дейін жұмыстан өз еркімен босатылған.
- Шыны керек, ішкі істер органдарынан әбден көңілім қалды. Екі жылдан мені бері қудалау басталды. Сондықтан жұмыстан шығып кеттім, - деп түсіндірді ол.
Алайда кейін қайта қабылданады. Тәртіптік кеңес шешімімен тоғыз жарым жылдық тәжірибесі бар тәртіп сақшысы қызметінен қол үзетін болды.
Назерке САНИЯЗОВА

Комментарии 1