БЕС ЕЛ ЭКСПО-2017 ПАВИЛЬОНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастырушылар алғашқы бес елге: Венгрия, Германия, Қытай, Түркия және Францияға көрме павильонларын тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.
Венгрия павильонының аумағы – 411,9 шаршы метр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, павильонның тақырыбы – «Болашақ энергиясы бізді біріктіреді». Ол елдің географиялық, экономикалық ерекшеліктері және қолжетімді энергия көздерінің негізін айшықтайды. Көрме аясында 2017 жылдың 20 тамызы – Венгрияның ұлттық күні болып белгіленді. Комиссары – Нандор Картези.
Неміс павильоны 1249,5 шаршы метрді алып жатыр және «Энергия жолында» деп аталады. Көрме аясында Германияның ұлттық күні – 2017 жылдың 12 шілдесі. Комиссары – Дитмар Шмиц.
1069,1 шаршы метр – Франция павильонының аумағы. Олар «Болашақ қаласы», «Жаңартылған энергия» және «Көліктің экологиялық түрлері» үш тақырыпша бойынша өз елінің «жасыл экономикасындағы» әзірлемелерін ұсынады. 2017 жылдың 21 маусымы Францияның ұлттық күні болады. Паскаль Лоро комиссар болып тағайындалды.
Қытай 1000 шаршы метрді қамтитын павильонды алды. «Жасыл Жібек жолы» павильонының ерекшелігі – Жібек жолы бойындағы және әлем елдерімен ҚХР-дың энергетикалық ынтымақтастығының жаңа идеясын көрсететін Болашақ энергиясы арманының театры.
Айта кетейік, бүгінде 105 ел мен 17 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын растады. Көрме павильондарының жалпы аумағы – 78 мың шаршы метр.