АРАЛҒА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Кеше Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың өкімімен және Арал аудандық мәслихатының келісімімен Арал ауданы әкімі лауазымына Оразбаев Мұхтар Әуесұлы тағайындалды.
Оразбаев Мұхтар Әуесұлы 1971 жылы Арал қаласында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап осы кезге дейін Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Айта кетейік, бұған дейін Арал ауданы әкімінің қызметін атқарып келген Абзал Сансызбайұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.