КӨП ЖЕРЛЕРДЕ ЖАУЫН-ШАШЫН БОЛАДЫ
2 қазан күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын болады, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-23 м/с күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап. Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде жел 15-20 м/с күшейді. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ болжанады. Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген бөліктерінде тұман күтіледі.