ҚЫЗЫЛОРДАДА ЦЕХ АШЫЛДЫ
Инновациялық жобаның Қызылордада жүзеге асуы «Даму-Сырдария» шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың аймақтық бағдарламасы аясында мүмкін болды. Жеке кәсіпкер Серік Махамбетов жууға және тазартуға арналған заттар шығаратын цехты іске қосты. Жобасын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Банк Центр Кредит» АҚ 8,5%-нен жеңілдетілген несие рәсімдеді. «Даму» Қорының 50% кепілдендіруі арқылы екінші деңгейлі банк алдындағы кепілмүлік жетіспеушілігі мәселесін оң шешкен компания несие қаражатына қол жеткізді.
Кәсіпкер Серік Махамбетов жоспарлаған жобаның тұжырымдамасы бойынша жууға және тазартуға арналған заттар өндіретін кәсіпорын ұйымдастырылуда. Кәсіпкердің сөзінше, аталған жоба қазіргі таңдағы тұрмыстық және авто химияға деген сұраныстың жоғарылығы мен жергілікті нарықта бәсекелестердің болмауы әсерінен табысты жүзеге асады деген мақсатпен жұмыс жасалуда.
Несие қаражатын Серік Махамбетов жууға және тазартуға арналған заттар өндіретін қондырғы сатып алуға бағыттады. Осыған дейін ескертілгендей, аймақта жеке кәсіпкерге тікелей бәсекелес болатын компания жоқ. Бәсекелес ретінде тек жуып-тазалау заттарын көтерме және бөлшек түрде сататын саудагерлерді айтуға болады, алайда олар өндіруші болмағандықтан тиімді баға саясатын ұстана алмайтыны белгілі. Кәсіпорын шығарған өнімдердің бағасы алып-сатарлардың қоятын бағасынан 30% төмен болады.
Бизнесменнің айтуынша, баға мен сапаның дұрыс байланысы оң нәтиже әкеледі. Оның ұстанымы - кәсіби өнім қолжетімді бағада. - Тәулігіне 200 литр өнім шығару көлемімен есептегенде зауыттың ай сайынғы өндіру қуаты 5 тоннаны құрайды.
Жобаның жүзеге асуы аясында кәсіпкер 8 жаңа жұмыс орнын ашты. Дегенмен, жақын болашақта Серік Махамбетов өндіріс көлемін көбейтіп, қосымша жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлауда.