ОҚУШЫЛАР ӘСКЕРИ БӨЛІМГЕ БАРДЫ
Шиелі ауданында ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде "Қазақылықтың атамекені" қоғамдық қорының үйлестіруімен мектеп оқушылары әскери бөлімге саяхат жасады, деп хабарлады қоғамдық қордың жетекшісі Сағындық Байділдаев.
«2019 Ұзынқұдық шекара әскери бөлімінде» әскери бөлімге мектеп оқушылары мен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері саяхат жасап, әскери бөлімнің тыныс тіршілігімен танысып, жауынгерлік дайындық жұмыстарының куәсі болды. Шараның негізгі мақсаты жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа, патриоттыққа баулу. Шараға қатысушы жастар әскери өмірге қызығушылықпен тарқасты», - делінген хабарламада.