БАЙҚОҢЫРДА ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Байқоңыр қаласының әкімшілігі мен «Байқоңыр» кешенінің құқық қорғау органдары басшылығына жаңа қала прокуроры таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ол - ҚР әділет кеңесшісі Манарбек Ерназаров.
Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Жасұлан Ираманов жаңа прокурорды таныстырып, төрт жылдан астам Байқоңыр қаласының прокуроры болған Қанат Құлжановтың Қызылорда облысындағы өзге қызметке ауысқанын хабарлады.
Қала әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы, бірінші орынбасар Николай Авдеев бірлесіп жасаған табысты еңбек үшін Қанат Құлжановқа алғыс білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тілеп, «Байқоңыр» алтын белгісін табыстады. Өз кезегінде Қанат Құлжанов тығыз бірлесіп жұмыс істеген қалалық әкімшілік пен «Байқоңыр» кешенінің құқық қорғау органдары басшылығына алғыс айтып, Байқоңырдағы қазақстандық және ресейлік құқық қорғау органдарының алдағы жұмысы да табысты боларына сенім білдірді.