ҚОЛӨНЕРШІЛЕРДІҢ ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің студенттері «Алибатырованың түкті кілем тоқу шеберханасы» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті.
Шараны Ел Тәуелсізігінің 25 жылдығына орай облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Социум» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығы ұйымдастырып отыр.
Бірлестік төрайымы Роза Алибатырова ұлттық мәдениетіміз бен қолөнерімізді ұмытуға болмайтындығын баса айтты. Сондай-ақ кездесуге колледж директоры Әлима Әбдіхалықова да қатысып бұндай шаралардың жастар үшін маңыздылығы жоғары екендігін атап өтті.
Р.Алибатырованың немересі Ақмарал да осы колледждің студенті. Ол әжесінің шәкірті Аружан Әбдірова екеуі кілемдерін қалай тоқығандарын қатысушыларға көрсетті.
Фариза ОМАРОВА